Олжас Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын тездету жөнінде тапсырма берді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарының барысы жөніндегі тапсырмаларын орындауға қатысты кеңес өткізді. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша зардап шеккен өңірлердің әкімдері мен министрлердің баяндамасы тыңдалды. Еліміз су тасқынының қауіпті кезеңінен өтті. Қазіргі сәтте Атырау облысында Жайық өзеніндегі судың қауіпті деңгейінің сақталуына байланысты су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Осыған байланысты, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жалғасып жатқан өңірдегі ахуал туралы баяндады. Жағалауларды нығайту бөгеттерінің бойында (ұзындығы 520 км-ден астам) тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл ретте, Атырау облысының су тасқыны жағдайы тұрақты аудандарында зардаптарды жою жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Мәселен, Жылыой ауданында 3 730 өтініш беруші тұрғынға жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленді. Комиссия 2 727 өтінішті қабылдап, 2 671 үйге техникалық тексеру және 2 624 үйге бағалау жүргізген. 70 тұрғын үйдің құрылысы басталып, 15 тұрғын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына төлем алды. Бағалаушы мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521