Оқырманға олжа

аудандық орталық кітапхана

 

Таяуда аудандық  кітапхана тағыда жаңа шығармалармен толықты. Көп салалы әр түрлі жанырдағы кітаптар  ішінде  жаңа қазақ әдебиетінің алар орыны ерекше.  

Ұлттық  жаңа бағыттағы жинақтар қатарында Райымбек Маралтайдың «Аруана» әпсана поэмасы, Сарайшықтай саф қаланың тағдыры, тарихи тұлғалар Бейбарыс сұлтан,  ақ аруана-Қисса-дин ханшаның мұңы, Сарайшықтан көрген  қыш құмырадағы жазудың сырын  өткен шақпен бүгінгі күн шындығын өрбітіп, сабақтастыра білген ақын шындығы керемет суреттелген.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, «Атырау толқындары» жас ақындар өлеңдерінің топтамасына өлкеміздің Әлібекұлы Ақтілек, Иса Нұрасыл, Қайыржан Әділбек, Қалим Жанарай, Ниязбаева Асылай, Орынбасаров Әділет сынды жас буын ақындардың туындылары еңгізілген. Өлкеміздің сүйікті жұлдызды ақыны Әлия Дәулетбаеваның «Алматыдан алыста» өлендер жыры, «Дәуір» баспасынан шыққан Бақтыгүл Бабаштың «Айсезім» өлен кітабы, ақын сазгер Бақтықожа Ізмұхамбетовтың «Шақырса шабыт» өлендері,оның ішінде «Еске алып жүрейік Табылдыны», «Мағжан», «Анам мен Жұмекен», Илья Жақановтың «Аққу әні» Ақан сері, Біржансал, Үкілі Ыбырайға арнаған  арнау әндерімен  жалғасады.

 «Қазығұрт» баспасынан  балаларға базарлық болар түрлі ертегілер қазақ, шетел аудармалары, Сәттібайұлы Көсемәлі діни-пәлсәпалық ертегі «Бірлікті іздеген бала немесе Ұлыстың ұлы күні болған оқиға», хикаяттар ертегі «Тәтті ертегі», «Елгезек бағдаршам, ток-қуат және басқалар», «Әппақ шар туралы әуезде», «Күнге ғашық өлкеде» кітаптары, балалармен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер.

 Туған жерден қанаттанған қаламгер Марат Мәжитовтың «Соңғы нүкте» романы Түркмен еліндегі «банды» Құныскереймен Айбала Зәкирқызының қиын да күрделі тағдыры, шынайы шындықтан алынған тарихи кейіпкерлердің өмір мен өлім  арасындағы арпалысын жеткізген. Қосшиев Назарбек қаламынан «Антқа адалдық» атты тарихи-танымдық кітапта Атырау облысына танымал Ленин орденді фельдшер Қоңыр Таңқиевтың қызметі мен адами қасиеттерін суреттеген.

 Тарихи тақырыпта қалам тартқан Салық Зимановтың «XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы және Бөкей хандығы» томдық шығармасы, Қайыркен Тұрсынхан Зәкенұлының «Қытай тарихнамасындағы қазақ тарихы» атты үшінші томы қазақ шежіресі, қазақ хандығы туралы зерттеулері көпшілік оқырманға арналған.

 Ұлттық прозада жас жазушы Қанат Әбілқайырдың «Жылан кегі» атты мистификациялық хикаяты байыпты тілмен, шеқаралық оқиғалар ізімен жазылған кітап. Шытырман оқиғалы көркем әдебиет жанрында «Дәуір» баспасы шығарған Телеуова Зияштың «Бет перде» атты кітабы өз оқырманын табары сөзсіз. Серік Қалиевтің «Арман қанатындағы жазулар» атты әдеби талдау мақалалары, өнер мен әдебиет, айтыс өнері  туралы ойларымен бөліседі.

 Бала денсаулығына байланысты автор тифлопедагог Михайлюкова З.К. «Дети с глубокими нарушениями зрения» жұмысы  көзі нашар көретін балалармен өткізер сабақ түрлері берілген.  Кітап мекемелер психологтарына, медбикелерге ата-аналарға пайдалы болары сөзсіз.

 Қаламгерлер халықтың айтар  ойын, асыл армандарына жан-жақты тақырыпта қалам тербеп, жазылған еңбектері кітапхана сөрелерінде өз оқырманын күтуде!

 

Б.Андашева,

аудандық кітапхана библиографы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521