Оқу-ағарту министрлігі сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады

Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті ең сұранысқа ие бағыттардың рейтингін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда, оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент.

Қазіргі уақытта еңбек нарығында келесі бағыттар сұранысқа ие:
• ақпараттық технологиялар;
• құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
• геология;
• тау-кен өнеркәсібі;
• энергетика;
• металлургия және машина жасау;
• көлік;
• байланыс;
• педагогика;
• медицина және т.б.

Еліміздің колледждерінде барлығы 517 мың студент оқиды, оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға көбейеді. 
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз