Бүгін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Индер ауданы Полиция бөлімінде полиция қызметкерлерінің аналарына “Офицердің анасы” медалі тапсырылды.
Салтанатты шарада “Офицердің анасы” медалін Индер ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Берікқали Джанзаков жеке табыстады.

“Құрметті аналар, бүгінгі келіп жеткен мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ұл-қыздарыңызды нағыз офицер,антына адал,Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелегендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Шаңырақтарыңызға береке, шаттық және амандық тілеймін ”,- деді Берікқали Джанзаков.
Бұл марапат Полиция қатарында үлгілі тәртіппен қазмет атқарған ұл-қыздардың аналарына берілді.

Аудандық полиция