Облыстық сот төрағасы ауданда кездесу өткізді

Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов Индер ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

2Кездесу барысында Б.Жұмағұлов Президент Жолдауына сәйкес құқықтық мемлекет қалыптастыруда елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталды. Мысалы биылғы қолданысқа енген жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде қоғамдағы жанжалдарды азайту,  мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайту,  даулы мәселелерді тез шешу жолдары қарастырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар соттарға талап күшті болғандықтан да  сот мамандарымен қамтуда мәселелер туындап отырғанын,  осы орайда жоғары оқу орындарымен келісімшартқа отырып, мамандар тәрбиелеу бағытында бірлескен жұмыстар атқарыла бастағанын атап өтті.

Аудандық соттың төрағасы Жанат Хабаров ауданда медиацияны дамыту мақсатында билер кеңесі құрылғанын және 1 кәсіби,  11 кәсіби емес медиатор орын алған бірқатар дауларды сотқа дейін жеткізбей,  татуластыруда жұмыстар жүргізіп отырғанын айтты.

Тұрғындардың арасынан Тасқали Темірболатов қоғамдағы орын алған өзекті мәселені де көтерді.

—Заңда ұлттық дәстүріміз де ескерілуі керек. Қазір тұрмысқа шығып, жасауын алып кеткен әйелдер ата-анасының көзі кеткенде заң бойынша төркінімнің үйінен үлесім бар деп бауырларымен дауласатынды шығарды. Мұндай жағдай ауылдарда да кездесіп, бірқатарын бітімгершілікке келтірдік-деді ол.

Кездесуді аудан әкімі Салауат Өтеғұлов қорытындылап, ауданда "Ашық әкімдік" және құқық саласында басқа да жобалар аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, көкейтесті мәселелер дер кезінде шешіліп отырғанын мәлім етті. С. Сансызбайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз