Облыста 5 айда 59 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Атырауда тас жолдарда соңғы 5 айда үй жануарының қатысуымен 59 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Соңғы 5 айда облыс аумағындағы тас жолдарда үй жануарларының қатысуымен 59  жол - көлік  оқиғасы тіркелген. Олардың көбі қала сыртындағы тас жолдарда орын алған.
Атап айтқанда, республикалық маңызы бар тас жолдарда 44 дерек тіркелсе, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарда 15 дерек тіркеліп отыр.
Үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі түнгі уақытта орын алады.
Себебі, тәуліктің қараңғы уақытында бір - біріне қарсы жүрген автокөлік жүргізушілері алыс жарық фарын өзіне қарсы жүріп келе жатқан автокөлік әбден жақындағанша өшірмеу салдарынан жүргізушінің көзі фарға шағылысып, жол үстінен өткен малды көрмей соқтығысып жатады.
Бұл оқиғада жүргізуші мал айдау жол белгісі аумағында мал айдаушы бақташы болған кезде үй жануарын қағатын болса, онда кінә жүргізушіге артылады, ал мал айдау жол белгісінен тыс жерде және мал айдаушы болмаған болса, онда жауапкершілік үй жануарының иесіне артылады.
Егер жол-көлік оқиғасына көлік жүргізуші кінәлі деп танылса, ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданады. 
Ал, мал иесі кінәлі деп танылса ҚР ӘҚБтК - нің 408 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бүлінген автокөліктің материалдық шығынын түгел өтейді. 
Сонымен қатар, үй жануарының иесі тас жол жиегіне өз иелігіндегі жануарды иесіз жайылымға жіберген жағдайда ӘҚБтК-нің 408 бабының 1 бөлігімен, осындай құқықбұзушылықпен 160-тан аса үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үй жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда ең бірінші үй жануарының  иесіне және көлік құралына материалдық шығын әкелетіні айдан анық.
Сондықтан үй жануарларының иелері өз иелігіңіздегі жануарлардың мойнына арнайы жарық қайтарғыш элементтерді тағу жол-көлік оқиғаларының алдын алуына бірден бір себеп.

- Осы ретте, көлік жүргізушілеріне қала сыртындағы тас жолдарда көлік құралын басқару кезінде белгіленген жалдамдық режимін сақтап, әсіресе елді - мекен тұсынан өткен кезде барынша сақтық шараларын қолға алуды ескертеміз - деді Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521