Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирус құрбандарын құрметпен еске алды

 «Елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты бүгін Атырауда аймақ басшысымен бірге өзге де лауазымды тұлғалар коронавирус құрбандарын құрметпен еске алды» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу рәсімі жеті жерде өтті. Атап айтқанда, облыс әкімдігі, Атырау қаласы әкімдігі, Атырау облыстық №2 ауруханасы, Атырау облысы полиция департаменті және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз» компаниялары ғимараттарының алдында болды.

rere

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Ресми дерек бойынша, қазіргі кезде ел бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 59 899 адамға жетті. Ауыр дерт 375 адамның өмірін алып кетті.

1722

Суреттер түсірген: Расул Сериков ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521