Жылы, құрғақ ауа райына аз уақыт қалды. Былтырғы тәжірибе көрсеткендей, осы уақытта құрғақ шөптерді жандыру, көшелерде, елді мекендерде, орман алқаптарындағы, үй маңайындағы қоқыстарды жағу өрт санын күрт өсіреді.
Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен де байланысты (оның салдары ретінде, қоқыспен шөптерді, ауыл шаруашылығындағы сабандарды жағу) және жаппай халықтың табиғатқа шығуынан (тұрғындардың отпен абайсыз болуы және т.б.) жиі ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады.
От ұшқыны айналып орман алқаптары, шаруашылық құрылыстар, тұрғын және тұрғын емес құрылыстарда өрттің пайда болуына әкеледі. Түтіннің ластануынан елді мекендердің тұрғындары зардап шегеді.
Бірқатар осындай өрттерде темекі тартқандар кінәлі болады. Күтпеген мата немесе құрғақ шөпке лақтырылған шылым шегесі, бірнеше секундта тұтанып ашық өртке айналады.
Осы кезеңде балалардың отпен тентектіктері өрт сөндіру қызметкерлеріне көптеген қиындықтар туғызады.
Шөптің өртенуі қаншама қиыншылықтар мен зардабтарға әкелетінін, балалар түсінбейді. Тағы бір «өрт қауіптілігі санаты» - бақбаншылар және жеке сектордың тұрғындары. Жыл сайын жазда құрғақ шөптерді және жер,бау-бақша алаңдарында жапырақтарды жағу табиғатқа үлкен зиян келтіреді.
Өрт қаупі бар жағдайларды болдырмау үшін Индер ауданының ТЖБ және №5-ӨСБ қызметкерлері отбасыларға арналған өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жазғы өрт қауіпі кезеңінде ерекше сақтықпен және абай болу керектігін мәлімдейді.
Есіңізде болсын — сіздің қауіпсіздігіңіз және мүлікті өрттен сақтау, бірінші кезекте, өзіңізден байланысты.
А. Бақытов,
Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты