«Nur Otan»-мен болашаққа нық қадам

Бүгін «Қазақтелеком» АҚ Индер аудандық филиалында «Nur Otan» партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, жеке кәсіпкерлер Жанат Шопанова мен Ақмаржан Мырзағалиеваның қатысуымен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» тақырыбында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды.

Алдымен үміткерлер телекоммуникация жүйелерінің қызметкерлерін тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні Тәуелсіздік мерекесі күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын жеткізді.

Айталық, биыл елдегі партиялардың ішінде «Nur Otan» партиясы бірінші болып праймериз өткізген болатын. Сондағы басты мақсат халықтың таңдауын орындау. Елбасы айтқандай, депутаттардың ішінде 20%-ы жастар, 30%-ы әйелдерден тұру керек деген талаптар болды. Сондай талаптардың ішінен іріктеліп, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркелген кәсіпкерлер бағдарлама аясында кәсіп бастауға болатынын да қаперге берді.

- Мен биыл алғаш рет ұйымдастырылған партияішілік сайлау – праймеризге қатыстып, өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсындым. Енді, аудан тұрғындарының зор сенімдерінің арқасында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер болып тіркеліп отырмын. Сенім жүгі ауыр. Десек те ауданымыздың экономикасын көтеру, гүлденуі үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Елдің гүлденіп, өркендеуіне, біртұтас ел болуына себепші болған осы – «Nur Otan» партиясының бүгінге дейін атқарған ісі ұшан теңіз. Еліміз түрлі сынақтарды бастан өткерді. Сол сынақтарда елге демеу бола білген партия қазақ халқымен бірге қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетіп келеді. Алдағы сайлауда ел болашағы үшін дауыс беруге сіздерді шақырамын, – деді үміткер Жанат Серікқалиқызы.

kandtdattar-inder-nurotan

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың өсімін жыл сайын 105 пайызға арттыру үшін, Индербор кентінде ас тұзын және техникалық тұзды өндіруді 66,5 мың тоннадан 95,1 мың тоннаға дейін, құрылыс қоспаларын өндіруді 47 мың тоннадан 50 мың тоннаға дейін, 2022 жылы жылдық қуаттылығы 85 тонна гипохлорид натрий өндірісін іске қосу және 2023 жылы жылдық қуаттылығы 260 мың тонна борат кен орнын өндіру үшін жұмыстанатын болады. Ал өз сөзінде үміткер Ақмаржан Мырзағалиева «Nur Otan» партиясының басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау екендігін мәлімдеді.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның XX съезінде: «Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің сайлауалды бағдарламамызды бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!» деген еді. Бұл құжатта қазақстандық қоғам өмірінің барлық салалары қамтылған. Сондай-ақ бағдарламамызда негізгі төрт басымдық бар. Бұл - әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру, саламатты зияткер ұлт қалыптастыру, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы, есеп беретін, «халық үніне құлақ асатын» мемлекет және жауапты азаматтар,-деді өз сөзінде.

Сондай-ақ ол, бірінші - Қазақстанның айналасына «тату көршілік белдеуі» түзілгенін, екінші – экологиялық апаты асқынған ауқымды аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін, үшінші – Қазақстанда бірлік, бейбітшілік, келісім және тұрақтылық түбегейлі орныққанын және Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт бірлігін нығайтуға зор үлес қосып келетінін, төртінші – түбегейлі жаңа нарықтық экономика құрылып, еліміздің әлеуеті едәуір арттып, бүгінгі таңда посткеңестік елдер арасында көлемі 2-ші және әлемнің 206 елі ішінде 41-ші орын алатын экономиканы құрғанын, бесінші – демографиялық дағдарыс еңсерілгенін, алтыншы – қазақстандықтардың өмір сүру сапасы едәуір жақсарғанын, жетінші – экономиканың жаңа салалары қалыптасқанын, сегізінші – еліміздің ұзақ мерзімді экономикалық қауіпсіздігі үшін жағдай жасалғанын, тоғызыншы – көлік тәуелсіздігі қамтамасыз етілгенін, оныншы – тәуелсіз Қазақстанның символына айналған және әлемдегі кез-келген заманауи мегаполистен кем түспейтін, ел мақтанышы – жаңа астана бой көтергені секілді Қазақстанның басты 10 жетістігін тізбектеп берді. Сонымен қатар қызметкерлерге «Nur Otan» партиясының жадынамаларын таратты.

Айталық, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

Сонымен, үміткерлер тұрғындардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, еліміздің жетекші партиясын қолдап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырса, қызметкерлер үміткерлерге сәттілік тіледі. Жалпы кездесу барысында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды.

Диас АЙБАР

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521