Өнеркәсіп өнімі артты

Соңғы жылдары ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші анағұрлым жақсарып келе жатқаны байқалады. Мұны біз аудандық статистика басқармасы берген мәліметтерден анық аңғара түстік. Басқарманың бас маманы Қайрат Шалекеновтың айтуынша, өткен сегіз айда өндірілген  өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 484,1 теңге жетіп, 104,1 пайызға асыра орындалған, Былтыр бұл көрсеткіш 2 874,0 құраған еді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу жұмыстары 577,1 орындалысы 132,5 пайызды құраған. Өткен жылдың сәйкесінше кезеңінде аталған көрсеткіш 391,5 болыпты. Өңдеу өнеркәсіп өнімінің көлемі де айтарлықтай жақсара түскен. Мысалы  өндірілген өнім көлемі 2 386,2 болса, 2021 жылы бұл 1 907,3 болған көрінеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде ілгерілеушілік бар. Өткен жылы өндірілген еттің көлемі 3 866,0 тонна болса, үстіміздегі жылдың 8 айында  4050,9 ет өндіріліп, тұтынушылар қолына жеткен. Зеңгі бабаның төлі сиыр малының сүтін өндіру 7 030, 7 тонна болса, өткен жылдың өзінде 6 748,9 тоннаны құраған. Жұмыртқа өндірісінде де біршама алға жылжушылықты байқадық. Айталық, өткен жылы өндірілген жұмыртқаның көлемі 238,8 болса биылғы жылы 240,2 артқан.
Мал басынан да өсім бар. Күні бүгінге аудан бойынша 27 мың 464 ірі қара тіркелсе, ол өткен жылы 26 мың 317 басты құраған екен. Қой мен ешкі малы 127 мың 203 болса өткен жылдың сәйкесінше кезеңінде  123 мың 639 болыпты. Жылқы малы 13 мың 132 болса, түйе малының басы 4 мың 268 басқа жетіп отыр.
Негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі төмендегені байқалып отыр. Өткен жылы осы бағыттағы көрсеткіш 5 545 болса, биыл 5 143-ке кеміген. Ал құрлыс жұмыстарының көлемі 3518-ге артқан көрінеді. Өткен жылдың осы аралығында құрылыс көлемі 2866 құраған. Тұрғын үйлерді пайдалану көлемі де едәуір  кеміген. Үстіміздегі жылы 11 024 метр тұрғын пайдалануға берілсе, 2021 жылы 28 103 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындар қоныс тойын тойлаған.


С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521