Мұз жастанған Жайық ажалға сеп болмасын

Қоршаған ортаны аялау мен байлығын тиімді пайдалану,әсіресе, Ақ Жайықтың тәртібінен түспей келе жатқан мәселе.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарасты Индер инспекция бөлімі өзіне жүктелген міндетке сергектікпен қарап келеді.

Инспектор мамандары өзен бойын қадағалап,тоғандар мен көлдерді балықтардың зардап шекпеуін тексеріп, мұз ою жұмыстарын жүргізіп, айналасын қоршап,белгілер қойды. Казірге дейін қыс айларында Жайық өзені қатып, мұздың қалындығы 15-20 см. Кейбір жерлерінде қатпаған жылымдар кездеседі. Сондықтан әркім өзеннен өтерде сақ болып және бірнеше ережелерді сақтаған жөн:

-Мұздың қаттылығынан көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер көгілдір болса – берік,ақ болса –беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр,күнгірттеу болса,бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ,маңайына жоламағаныңыз абзалырақ.

-Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман,қар,жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.

-Мұздан өтерде, осыған деінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер бұндай із болмаса,айналаңызға мұқият қарап,жететін орныңызды жете біліп алыңыз.

-Топ болып,мұздан өтетін болсаңыздар,мұзға қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңізді арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер.

-Мұзға түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай – алкогольді ішімдікті тұтынудан болады. Ондай жағдайда адам қауіптен қаша алмай қалып,қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.

-Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері есіңізде жүрсін және туыстарыңызға,достарыңызға айтип бөлсіңіз!

Т.М.Шайдуллин

Индер инспекция бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521