Мотокөлік жүргізу ережелерін білесіз бе!

Мотокөлік жүргізу ережелерін білгеніңіз абзал!

ҚР «Жол Жүрісі туралы» Заңына сәйкес:

- Ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер мен мопедтер мемлекеттік тіркеуге жатады; - Ең жоғарғы конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі 125 текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты 11 киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер және мопедтерді басқару үшін «А1» кіші санатты жүргізуші куәлігі болуы міндетті;

- «А1» кіші санатына 16 жастан және «А» санатына 18 жастан бастап көлік құралдарын басқару құқығын алуға болады;

- ⁠жолдың жүру бөлігінде басқару кезінде түймеленген арнайы бас киімнің болуы міндетті;

- көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы, сол сияқты тиісті санаттағы көлікті басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 612-бабы бойынша жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделгенін қаперлеріңізге береміз. Қауіп аяқ астында! Жол ережесін сақтайық!

Аудандық полиция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521