Мобильді топ ауылдарды аралады

«АMANAT» партиясы аудандық филиалының мобилді тобы Көктоғай ауылында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар пікіріне назар аударды. Мобильді топ құрамында Атырау облыстық мәслихатының депутаты Жанай Амантурлинмен аудандық мәслихат депутаты Дәурен Сағынғалиев болды.
Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмыссыздық жайын көтеріп, ауылдық жерлерде қызметтік штат бөлу туралы ойларын жеткізді. Депутаттар көтерілген сұрақтар бойынша заң аясында жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді. Мобильді топ мүшелері Ынтымақ ауылындағы Ә.Кекілбайұлы және Елтай ауылындағы М.Сиранов атындағы орта мектептерде болып, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу жағдайымен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521