Министрден келген марапат

Елімізде індет тарағаннан бері негізгі жүк денсаулық сақшыларына түскені белгілі. Оның ішінде дәрігерлермен қатар мейірбикелер де жанкешті еңбектің үлгісін көрсетіп келеді.

Аудандық орталық ауруханадағы мейірбике Абдулова Күміс Меңдешқызы да – тәжірибелі мамандардың бірі. Оның осындай қажырлы еңбегі бағаланып, жақында Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың қолы қойылған «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталды.

Кейіпкеріміз – Күміс әкесі Меңдеш пен анасы Қаным тәрбиелеп өсірген он баланың бірі. Бауырлары әрқайсысы әртүрлі мамандық иелері атанса, мейірбике болуды Күміс жастайынан таңдаған екен. Өрлік орта мектебін аяқтаған кезде Атыраудағы медицина училищесіне баруына әке-шешесі де қолдау білдіреді. Аталмыш оқу орнын 1982 жылы аяқтағаннан бері осы аудандық ауруханада табан аудармастан мейірбикелік қызметті абыроймен атқарып келеді. -Аурухананың өзім қызмет атқаратын терапия бөлімінде көпшілік сырқаттар қан қысымымен, жүрек талмасымен түсуде. Арасында инфаркт алған ауыр жағдайдағы сырқаттар да ем алады. Дәрігердің нұсқауы бойынша ем-домды сауатты да, қалтқысыз орындау қажет. Емнің дұрыс нәтиже беруі үшін уақытпен санаспай қызмет жасауға тура келеді. Сәл мүлт кетсең, орны толмас ауыр жағдайға ұшыратуы әбден мүмкін.

marapat

Ал былтыр пандемия кезінде ауруханадағы жағдай оңай болған жоқ. Орын алған қиындықты жеңуде бар күш-жігерімізді жұмсауға ұмтылдық. Осындай көп жылғы еңбегімді ескеріп, марапатқа ұсынып жатқан ұжымым мен сала басшыларына ризашылығымды білдіремін,-дейді мейірбике Күміс Меңдешқызын сөзге тартқанымызда. Күміс Меңдешқызының көңілдері жарасып қосылған жолдасы Сұңғат Мұқашев 2003 жылы мезгілсіз ерте дүние салып, отбасындағы бар ауыртпалық өзіне қалды.

Бірақ, қиындыққа мойымай ұлқызын ешкімнен кем қылмай тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ұлы Альберті Айнұрдай теңін тауып, Кәусар атты немере сүйгізіп отырса, қызы Самал да құтты ұясына қонды.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521