"Менің ең алғашқы дауысым"

Мөлдір Сариева - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті. Университеттің инновациялық білім беру факультетінің 1-ші курсын аяқтап ауылға каникулға келген сәті.

Биыл 18 жасқа толып, дауыс беру мүмкіндігіне ие болыпты.

— Бұған дейінгі өтіп жүрген сайлау науқандарын сырттай талай естіп жүрдім. Сайлауда дауыс беру қиын процесс сияқты сезінетінмін. Әрі мен үшін қызық та көрінді. Бүгінгі референдумды асыға күттім. Сайлауға өзім үшін ерекше сезімде болдым. Куә болғанымдай дауыс берудің ешқандай мәселесі жоқ екен. Референдум учаскесінде қажетті барлық жағдай жасап қойыпты. Өз дауысымды беріп шықтым. Ал бастысы еліміздің жаңара, жақсара түскенін қалаймын. Алдағы уақытта да саяси науқаннан сырт қалмаймын деп ойлаймын, —дейді ең жас сайлаушы Мөлдір Бауыржанқызы.

С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз