Мемлекеттік қызметшілер арасында сайыс өтті

Конституция күні – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мән мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі.

Осы мерекені ұлғылау мақсатында аудандық сот кеңсесінде «Конституция – кемелдік кепілі» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасында төрт кезеңнен құралған сайыс өтті.

Оған аудандық сотының судьясы Әділ Құспанов, аудан прокурорының орынбасары Сайд Әскерұлы, аудандық «Дендер» қоғамдық саяси газетінің тілшісі Диас Ағысұлы қазылық етті. Сайыстың алғашқы сөзін сот төрағасы Дина Тұрболатқызы сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыстың төрт кезеңінен сүрінбей алға суырылып шыққан «Әділет» тобының қатысушылары бірінші орынға ие болды. Ал «Теңдік», «Міндет» топтары кейінгі орынды тең бөлісті. Оларға сот төрағасы Алғыс хат пен естелік сыйлықтарын сыйлады.

Диас АЙБАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521