Мемлекеттік қызметшілер үшін аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдануға болады

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес, тараптардың келісуі бойынша төтенше жағдай жарияланған не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары кезеңінде, сондай-ақ жұмыскерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да айрықша жағдайларда уәкілетті адам жұмыскерлерге қашықтықтан жұмыс істеу немесе аралас қашықтықтан жұмыс істеу белгілеуге құқылы болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекетті қызметшілер еңбек процесін жүзеге асыру барысында негізді себептері мен кезеңі көрсетілген өтінішіне сәйкес жұмыс берушінің актісімен икемді жұмыс уақыты режимімен қызмет атқаруға болу жағдайлары қарастырылған. Жұмыскер еңбек қатынастарында болатын уәкілетті адамның актісі негізінде осындай жұмыстар атқару кезеңінде лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті техникалық мүмкіндіктермен қамтамасыз етіліп, сондай-ақ жұмыскердің жұмыс уақытынан тыс кезде қолжетімділік режимінде болуын талап етуге тиым салынады.

Бұл туралы ҚР Мемлекетті қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілі Г. Жарасова «құқықтық сауаттылық» жобасы аясында барлық мемлекеттік орган қызметшілеріне өткізілген құқықтық семинар барысында атап өтті. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарының сақталуын, денсаулық, әлеуметтік, отбасылық жағдайларына оң жағынан ықпал етуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар ҚР заңнамасында көзделген негіздер бойынша болуы қажет.

Тек олар өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісті деңгейде орындап және мұндай икемді жұмыс жасаған уақытта жалпы міндетті 8 сағаттық жұмыс уақытын құраса болғаны, - деді Г. Жарасова. Өз қызметтерінде күнделікті қызметін азаматтармен тығыз байланыста атқаратын лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілер үшін мұндай жағдайларды мейілінше қолданбауды ұсынатындығын атап өтті Департамент өкілі.

Бұдан бөлек, Департамент өз қызметінде мемлекеттік органдардың ғимараттарына кіруді басқаруды жүзеге асыратын, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімге ие, бақылау мен басқарудың бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының жиынтығы болып табылатын жүйелер арқылы тұрақты түрде қызметшілердің жұмыс уақыты режимдерінің сақталуына бақылау жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік органдарға бару арқылы да мониторинг жүргізіледі екен.

Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің заңбұзушылықтарын алдын-алуға, заңдылық қағидаттарын қатаң ұстануына, сондай-ақ олардың құқықтары бұзылған қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіруге өз ықпалын тигізеді екен. Осындай жұмыстар нәтижесіенде бүгінгі күнде 200-ге жуық қызметшілердің құқықтары қорғалса, 50-ге жуық анықталған заңбұзушылықтар жойылған.

Департаменттің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521