Жаңа редакцияда бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭТИКА ПРИНЦИПТЕРІ» атты жаңа тарау пайда болды, онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделеді:
1) АДАЛ НИЕТТІЛІК – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
2) АДАЛДЫҚ – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
3) ӘДІЛДІК – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
4) АШЫҚТЫҚ – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
5) СЫПАЙЫЛЫҚ – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
6) КЛИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНУ – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы