Маң даладағы малшы ауылдар қыстан қалай шықты?

Малдан адамға жұғатын бруцеллез ауруы ауданда әлі басылар емес. Өткен жылы кесел 125 қой-ешкіден шықса, биылғы жылдың күні бүгініне 20 қой-ешкіден тіркеліп отыр.

Өзекті мәселенің одан ары өрши түспеуі үшін өткен жылдан бер арнайы топ әр қыстаққа барып, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Былтыр аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев құрамында тиісті сала басшылары бар топ Елтай, Бөдене, Жарсуат округіне қарасты қыстақтарды араласа, биыл Есбол ауылдық округіне қарасты қыстақтардағы шаруаларға түсіндіру жұмысы басталды.

Аудан әкімінің орынбасары әрі топ жетекшісі Қ.Нұрлыбаев бастаған топ жуырда Есбол округінде тіркелген 43 қыстақтың 16-сын аралап шықты. Әуелі ауылдан 8 шақырым қашықтықта жатқан «Қарабидай» қыстағына келдік. Бұл жерде «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған шопан Сәрсенғали Ожықовтың үлкен ұлы Әбдіразақ бар шаруаны дөңгелетіп отыр.

Одан әрі жол талғамайтын көліктер жүйткіп «Үш аша» қыстағына жетті. Бұл жерде төрт түлігін түгендеген шаруагер Қаржаубай Қажиахметовке қауіпті аурудың мән-жайы, болдырмауы амалдары түсіндірілді.

Толығырақ Дендер газетінің 1 мамырдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз