Прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды, сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді бұзуға қабілетті кез келген іс-әрекет конституциялық емес деп танылатынын атап өту қажет. Ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны және арандатушылық мәлімдемелерді жүзеге асырғаны үшін, оның ішінде әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 180 – баптарында көзделген жауапкершілік белгіленген, бұл-әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру, сондай-ақ сепаратистік қызмет. Мұндай әрекеттер жауапкершілікті, оның ішінде екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы азаматтарды:
- ұлтаралық арандатушылыққа берілмеуге,
- чат-рулетка сияқты әңгімелерге қатыспауға,
-әлеуметтік желілерде және жеке диалогтарда мәлімдеме жасамауды түсіндіреді.
Индер ауданының прокуратурасы