Әлидің ойы ұшқыр

  • Аудандық оқушылар шығармашылық мектебінің "Іскер" үйірмесінің мүшесі Әли Русланов облыстық сайыстан 1-ші орынды жеңіп алды. Осылайша талантты шәкіртіміз тағы бір мәрте аудан намысын абыроймен қорғап шықты,-деп сүйінші хабарын жеткізді бізге аталмыш мектептің директоры Ералы Сахипов.
  •  Бұл «Жас сарбаз» әскери[1]патриоттық клубтар арасында жас өнертапқыштар бақ сынаған облыстық көрме-сайыстың қорытындысы болатын. Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл сайыстың мақсаты әскери қызметті насихаттау, өскелең ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу болатын.
  • Сайыста шәкіртім өзінің қолынан шыққан жүк көлігіне орнатылған зымыран ату қондырғысы үлгісімен қатысты. Бұл қондырғыдағы екі зымыранда радиолық басқару жүйесі арқылы атылады. Біздің осы әдісіміз басқа қарсыластарымызға қарағанда басты басымдығымыз болды,-дейді жеңімпаз оқушының ұстазы, "Іскер" үйірмесінің жетекшісі Берік Көкшеев.
  • Айта кетейік, жеңімпаз болып танылған Әли Русланов бұған дейін қосымша білім беру мекемелері арасындағы республикалық әдістемелік орталықтың ұйымдастырған көлік үлгілері жарысында багги класынан жеңімпаз болып, облыс намысын лайықты қорғаған болатын. Таланты жерлестеріміздің бағындырар белесі көп болсын дейміз.
  • САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521