Бүгін аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Күн тәртібінде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру мен мемлекеттік қайтарымсыз грант алушылар мәселесі талқыланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жиында аудан бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту мәселесінің барысы туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Зейнеш Сарбуфеева баяндады. Оның айтуынша, есепті кезеңде 11 жаңа кәсіпкерлік нысандар іске қосылса, оның ішінде 4 жоба несие алу арқылы, қалған 6 жоба жеке инвестиция есебінен қосылған. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың бірі-қаржылық қолдау болса, ауданда әр түрлі мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар арқылы 71 жоба 893,9 млн теңгеге қаржылық қолдау тапқан.
Аудан әкімдігі мәлім еткендей, қаржылай қолдау алмаған ауылдық округтердегі кәсіпкерлердің жұмысы бойынша аудан басшысы Қанат Әзмұханов ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі – кәсіпкерлік саласы екеніне тоқталып, аудандағы кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару маңыздылығын атап өтті. Ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерлермен бірлесіп жиындап өткізіп, іске асыруға тиімді жобаларды талқылауды тапсырды.
Кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жәрдемдесу, жаңа бизнес- идеяларды іске асыру бағытында аз қамтылған, көп балалы отбасы мүшелері, қандастар, оралмандар, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын және асыраушысынан айырылған азаматтарға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер бола алады. Бұл бойынша да биыл 27 адамға 400 АЕК көлемінде 39 873 мың теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант берілген. Айта кетейік, гранттың негізгі мақсаты еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, мал құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды өсімдіктерді сатып алуға сондай-ақ комерциялық жылжымайтын мүлік обьектілерін сауда обьектілерін жалға алуға.
Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің саны 1819 құрайды (оның ішінде заңды тұлғалар 58, шаруа қожалықтары 562, кәсіпкерлер 1199).
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ