Қылмыс азаймай тұр

Индер аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия кезекті отырысын өткізді.

Жиынды аталмыш комиссияның төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин ашып жүргізіп отырды. Комиссияда алдымен көтерілген мәселе - ұрлық қылмыстарының алдын алу, болдырмау және ашу бағытында атқарылған жедел іздестіру шаралары туралы аудандық полиция бөлімінен Ербатыр Қамешов хабарлама жасады.

Биылғы 6 айда ауданда қылмыс құрамы бар 36 құқық бұзушылық тіркелген. Былтыр оның саны 46 болатын. Бүгінде 16 (былтырғы жылы 16) қылмыстық іс аяқталып, 11 қылмыстық іс сотқа жолданған (Былтыр 10). Аталған мерзімде 3 ұрлық фактісі тіркелген (Былтыр 6). Оның ішінде біреуі пәтер ұрлығы (былтыр мұндай қылмыс тіркелмеген).

Мал ұрлығы бойынша биылғы және былтырғы 6 айда да қылмыстық іс тіркелмеген. Биыл 1 алаяқтық қылмыс ашылған. Ұялы телефон ұрлығымен 1- қылмыстық іс тіркеліп, аяқталған. Алаяқтық қылмыс бойынша биыл 13 қылмыс тіркелген (Былтыр 23). Оның ішінен 4 қылмыстық (былтыр 3) іс ашылып, аяқталып отыр.

Хабарламаны талқылау барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева былтыр күзде Бөдене ауылындағы ағайынының малы ұрланғанын, полицияға арызданғанмен ұрлық әлі күнге дейін анықталмай отырғанын көтерді. Аудандық ветеринария стансасы КМК басшысының орынбасары Ержан Әбішев елді мекен аумағында жануарларды асырау қағидаларының сақталуы және мал ұрлығын болдырмау туралы хабарлама жасады.

—Тұрғындардың ауылшаруашылық малдары жол көлігіне қағылу оқиғасы жие тіркеледі. Әкімшілік жауапкершілікті мойнындарына алмау үшін, тұрғындар аспалы құлақ жапсырмаларын (сырға) кесіп тастау фактісі жиі орын алуда, -деді ол.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева мәдениет саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлама жасады. Толығырақ "Дендер" газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT