«Көкпар» Кипр музейінің төріне ілінді

Жерлесіміз, ҚР Суретшілер және Дизайнерлер одағының мүшесі, Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының мұғалімі Әділқайыр Жантасов жақында Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде орналасқан Кипр Республикасынан оралды.

Онда сол елдің белгілі бизнесмені, бірнеше жеке университеттердің негізін қалаушы Суат Бидің арнайы шақыртуымен түрік тілдес елдердің, оның ішінде, Әзірбайжан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, т.б. елдердің суретшілері жиналып, өз туындыларын жасаған. Олар үшін барлық жағдай тегін ұйымдастырылыпты. -Қазақстаннан 10 суретші барып, әр қайсысымыз бірнеше туындыларымызды дүниеге әкелдік. Соның ішінен өздері таңдап алады. Ол кісі үлкен музей салып жатыр. Оған жиырма миллиондай сурет жиналу керек. Біздің көрмеміз ойдағыдай өтіп, үш туындым музейге қойылатын болды. Келер жылға тағы шақырту алып отырмын. Онда жеке көрмемді ұйымдастырмақпын,- дейді Кипрден шабыттанып қайтқан суретшіміз.

Бейнелеу өнері арқылы Азия елдерінің басын қосып, туындыларын бір ортаға тоғыстыру, сол арқылы елдердің достығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара шын мәнінде түркі тілдес елдердің қызығушылығын туғызыпты. Ал Әділқайыр Пангерейұлының кенепке майлы бояумен салған 160+210 көлемді «Көкпар» тақырыбында салған суреті Суат Биге ұнап, ол музейдің төріне ілінетін болыпты. Оның алғашқы салынғанын газеттің 80 жылдығына орай редакцияға тарту еткен болатын. Ендеше ел мен елдің арасын бейнелеу өнері арқылы жалғап жүрген суретшілердің еңбегіне толағай табыс тілейік.

Ж.Ісім

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика