Индер ауданының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша АНЫҚТАМА (2024 жылғы 8 сәуірде сағат 20:00-дегі жағдай бойынша)
Индер ауданы аумағында барлығы 7 ауылдық округте ұзындығы 17 850 м қорғаныс бөгеттері бар (барлық құжат заңдастырылып, теңгерімге алынған).
(Анықтама үшін: Жарсуат ауылы 4 900 метр, Құрылыс ауылы 5 600 м, Индербор кенті 750 м, Көктоғай ауылы 600 м, Өрлік ауылы 3 200 м, Есбол ауылы 1700 м, Елтай ауылы 1 100 м).
Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді және бөгеттердің 10 500 метрі осы аумақта орналасқан. Қазіргі таңда Жарсуат ауылында 4,9 км бөгеттің 2,6 км-ін және Құрылыс ауылында 5,6 км бөгеттің 2,2 км-ін арнайы техникалар арқылы биіктету жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Индербор кенті, Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене және Өрлік ауылдарының бөгеттері де көтерілуде.
Атап айтқанда: Индербор кентінде 750 метр бөгет қосымша 1 км-ге дейін ұзартылып, көтерілді, Елтай ауылдық округінде 1,1 км болатын бөгет қосымша 2 км-ге ұзартылып, көтерілді, Есбол ауылдық округінде 1,7 км-дің 1,5 км-і көтерілді, Көктоғай ауылдық округінде 600 м бөгет толық көтерілді, Бөдене ауылында 870 м бөгет көтерілді, Өрлік ауылдық округінде 3,2 км бөгеттің 3,0 км-і көтерілді.
Жалпы, аудан бойынша су тасқынының алдын алуға 73 арнайы техника, 610 мекеме қызметкері мен ауыл азаматтары жұмылдырылуда. Жаға бекіту бойынша ұзындығы 16 040 м бөгет салынды. Жұмыста барлығы 111 700 дана қапшық қапталып дайындалды.
Суға кету қауіпі бар әр учаскеге жауапты адамдар бекітіліп, жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Дәл қазіргі уақытта Жайық өзеніндегі су деңгейі 4,22 метр. Тәулікте су деңгейнің көтерілуі +38см байқалды.
Аудандағы су тасқыны бойынша жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.