Хаменованың соты: куәгер күтпеген мәлімдеме жасады

 

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты үшінші сот отырысында куәгерлердің бірі күтпеген мәлімдеме жасады деп хабарлайды ATPress.kz.

Кезекті сот процесінде куәгер облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Жәнібек Аманиязов прокурор Лаура Асанова жолдаған сауалдарға жауап берді. Жәнібек АМАНИЯЗОВ, облыстық мәдениет басқармасына қарасты ОХШО директоры: "2021 жылдың 10 желтоқсаны күні Ақылбек Рысқалиев түске дейін телефон соғып, "іште болыңыз" деді. Бірақ, өзі маған беске жақын келді. Кабинеттегі бейнекамераға қарап біраз тұрды, жұмысқа қатысты түрлі сұрақ қойды. Сөйтті де қол сөмкесінің ішінен бір пакетті алып, қасыма қойып, оны облыс әкімінің сол кездегі орынбасары Бақытгүл Хаменоваға апарып беруімді сұрады. Түсінбеген болып, "Бақытгүл Қайыржанқызына ма?" деп сұрап едім, "иә" деді. Одан соң Ақылбек Рысқалиевты шығарып салмақ болып төменге қатарға түстім. Сыртқа шыға бере алдымнан сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің жігіттері шығып мені жоғарыдағы кабинетіме алып келді және маған тінту жүргізетіндерін айтты. Кейін білгенімдей, әлгі пакетте 2 млн жарым теңге ақша бар екен. Басында оны білгенім жоқ қой, пакетте не бар екенін де сұрамадым. Ал, көзімше әлгінің ішінен ақшаны шығарғанда, бейнекамераға қарап, "бұл арандату" деп айтқаным рас".

2_1662438369

Сол күні Бақытгүл Хаменова да ОХШО басшысының уатсап желісіне жазып, өзіне келіп кетуін сұраған. Алайда, Жәнібек Аманиязов мәдени шараларға ақылдасу мақсатында бұндай шақыртулар болып тұратынын айтты. Жәнібек Аманиязов әңгіме арасында өзінің тікелей басшысы Ақылбек Рысқалиевтың бұған дейін бір рет ешқандай себепсіз ақша сұрағанын және оған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова жұмсап отыр дегенін жеткізді.

3_1662438404
Жәнібек АМАНИЯЗОВ, облыстық мәдениет басқармасына қарасты ОХШО директоры: "Бір күні менен облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Хаменованың тапсырмасы деп 200 мың теңге ақша сұрады. Кейін Бақытгүл Қайыржанқызына арнайы барып болған жайтты жеткізгенмін. Ол ешқандай да ақша сұрамағанын айтып, "Егер осындай жағдай тағы да қайталанатын болса, өзіме хабарла" деген еді. Ақылбек Рысқалиевтың адвокаты куәгердің кейбір сөздерімен келіспейтінін атап, тіпті кей сөздері бастапқы пікіріне қайшы келді деген уәжін білдірді. Оған жауап берген куәгер арада біршама уақыт өткендіктен, кейбір сәттерді ұмытыңқырап қалғанын жасырмады. Одан бөлек былтыр өткен "Ұлық ұлыс - Алтын Орда" атты республикалық конференцияға облыстық халық шығармашылығы орталығы жұмсаған 33 млн теңге де сөз болды. Жәнібек Аманиязов оның мемлекеттен бөлінген қаржы екенін және толықтай игерілгенін атап өтті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521