Халықтың әлеуметтік әл ауқатын жақсарту үшін жасалатын тиімді шаралар фракция отырыснды қаралды

Республикалық «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында аманаттықтар халықтың әлеуметтік әл ауқатын жақсарту үшін тиімді шараларды жоспарлағаны белгілі. Осы бағдарламаның алғашқы кезеңінің аудандағы орындалысы туралы мәселе партияның аудандық мәслихаттағы фракция отырысында қаралды. Жиында аудан әкімі Дарын Шамұратов бағдарламаның 2023 жылға арналған орындалысы туралы баяндап өтті.

-Жалпы төрт тармақ бойынша топтастырылған сайлауалды бағдарламасы 44 іс-шарадан тұрады. Оның күні бүгінде 18-і орындалды, 20-ы орындалуда, 6 іс-шараның мерзімі алдағы жылдары жоспарланған,-деді аудан басшысы.

 

       Сапалы жұмыс орындарын құру бойынша бағыты бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жылына орта есеппен 10-нан астам адамды жұмысқа орналастыру» тапсырмасы аясында ауданда  жыл басынан 19 жас алғашқы жұмыс орындарына жолданып, еңбек етуде.

              «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында кемінде 10 ардагерге, тыл еңбеккеріне және жалғызбасты қартқа әлеуметтік көмек көрсету» бағыты бойынша 10 тыл еңбек ардагерлеріне азық-түлік себеттері табысталды. Ардагерлер арасында шахмат және дойбадан турнир ұйымдастырылып, 14 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталған көрінеді.

              Жастар үшін мүмкіндіктер позициясы бойынша:-«Жыл сайын 90-ға жуық жасты «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметіне тарту» тапсырмасы аясында аудандағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметіне өткен маусым айында 70, шілде айында 100 жас тартылып бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік алған екен.

 

          Кәсіпкерлікті қолдау бойынша:-«Ұлттық жоба шеңберінде қаржылай қолдау шараларын алған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 2023-2027 жылдары 50  жаңа жұмыс орнын құру»  - биылғы жылға 10 адамды жұмыспен қамту жоспары қойылып,  ұлттық жоба шеңберінде жыл басынан 13 адам жұмыспен қамтылды.

         «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде 360 адамды оқыту» бойынша жыл  қорытындысымен «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде «Еnbek business»  порталы арқылы                       256 адам онлайн курстан өтті. Биылғы жоспар – 120 адам.

«Ауыл бизнесін қолдау мақсатында өңірлік «Бизнес-аймақ» бағдарламасына алдағы бес жылда 2,5 млрд.теңге қаржы тартуға ұмтыламыз» тапсырмасы аясында күні бүгінде «Бизнес аймақ» бағдарламасы арқылы 8 жобаға 209 млн.теңгеге  қаржыландырылып, кәсіпкерлер өз жұмыстарын бастаған.

«Ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие беру арқылы  жаңа жұмыс орнын құру» бойынша жеңілдетілген несие алған кәсіпкерлер «Enbek.kz» порталы арқылы 7 жаңа жұмыс орнын ашып, азаматтар жұмысқа қабылданыпты.

«Конкурс негізінде 52-ден астам жас кәсіпкерге 2,5% жеңілдікпен несиелер беру» бойынша жыл басынан бері 22 жас кәсіпкерге 105 млн. 540 мың теңге көлемінде 2,5 % жеңілдікпен несие берілді.

«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша түсіндіру жұмыстарына жыл сайын 300 - дей кәсіпкерді қамту» бойынша 10 ай қорытындысымен ауданда кәсіпкерлік бағытта 590 адамға түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

Ауыл шаруашылығын дамыту позицияы бойынша:-«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен және тасымалдаушылармен бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде меморандумдар жасақтау» тапсырмасы аясында биылғы жылға 10 меморандум жасақтау жоспары қойылып, тапсырма   24 меморандумға орындалды.

«Аудан орталығында жыл сайын кемінде 48 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу» бойынша жыл басынан бері 52 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

 

Сапалы білім беру үшін жағдай жасау «Ауыл мектебін жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қосу» -  талшықты оптикалық интернетпен аудандағы 10 мектеп қамтылып отыр. (С.Сейфуллин, Ш.Уәлиханов, М.Мөңкеұлы, М.Сиранов, Бөдене, Ә.Кекілбайұлы, Б.Нысанбаев, Қ.Абақанов, Махамбет, Көктем). Ал қалған 5 мектепті қосу жұмыстары ұйымдастырылуда. «Жыл сайын  8 мектепке жаңғырту жұмыстарын жүргізу» аясында биылғы жылғы жоспар бойынша аудандағы 3 мектепте жай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Қ.Абаханов және Жамбыл мектептеріне кітапхана мен асханаға жаңа жабдықтар алынса, С.Сейфуллин мектебінің жабдықтары жақын арада келуі жоспарлануда. 

Ал 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен қамту мақсатында  балабақша салу»  бойынша аталған аралықтағы балаларды мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен қамту 89,2 пайызға орындалды. Қазіргі уақытта Индербор кентінен 250 орындық балабақша салу үшін облыстық Білім беру басқармасына салалық қорытынды жолданғанын аудан басшысы өз сөзінде атап өтті.

        Сонымен қатар Аққала елді мекеніндегі  90 орындық балабақшаның құрылысы биыл басталған болатын. Күні бүгінде құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық сметалық құжаттарына түзету енгізу үшін бюджеттік комиссияға жолданыпты.

        Ынтымақ, Құрылыс елді мекендеріндегі 50 орындық балабақшалардың жобалық сметалық құжаттарын түзету бойынша бюджеттік комиссияның оң қорытындысы алынып, жобалық сметалық құжаттары қайта жасақталуда екен.

Мәдениет саласы бойынша:-«Ауданда мәдениет нысанына жөндеу жүргізу» бойынша Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылының мәдениет үйіне жәй жөңдеу жүргізу бойынша 1 млн. 682 мың тг қаржы бөлініп, жөңдеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталды.

 

Жол сапасын жақсартуда күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. «Аудан бойынша 2023-2027 жылдар аралығында      24,8 км автомобиль жолдарын жөндеу, соның ішінде биылға 16,2 шақырым жолды жөндеу» тапсырмасы бойынша Өрлік ауылына жаңадан 19,5 км автомобиль жолдарының құрылысы салынып, тиісті тапсырмалары орындалған

Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша:-«Орман қоры жерінде 2 803 га жерге 7 млн. екпелерді отырғызу, орман қоры көлемін ұлғайту» бойынша орман шаруашылығы мекемесі арқылы биылғы жылы 164,5 га жерге 306 мың түп егілген.

«Аудан  бойынша елді-мекендерде: 2021-2025 жылдарда 10 мың ағаш отырғызуды қамтамасыз ету» бойынша жыл басынан бері ауданда 5 540 ағаш отырғызылды. Бұл бір жағынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасыл белдеу» жобасын жүзеге асыруға бағыталған тапсырмасын орындауға да өз септігін тигізері сөзсіз.

Жоспарланған 44 тапсырманың ішінде орындалудағы  1 тапсырманың орындалмау қаупі бар екені де атап айтылды.

«Апатты және үш ауысымды мектеп проблемасын шешу мақсатында жаңадан  1 мектеп салу» тапсырмасы бойынша ауданда апатты деп танылған Қ.Есқалиев атындағы орта мектебін көшіру мақсатында жаңадан 320 орындық мектеп ғимаратының құрылысы 2023 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланған болатын.Алайда мердігер келісім-шарт міндеттемелерін мерзімінде орындамауына байланысты жосықсыз қатысушы деп тану бойынша Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданып, сот процесі жүргізілуде.

Қазіргі уақытта келісімшарт тапсырыс беруші тарапынан біржақты бұзылды.

Сонымен қатар Индербор кентінен Болашақ шағын ауданынан 300 орындық мектеп, 200 орындық интернат құрылысы басталған болатын. Алайда, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты ЖСҚ-на түзетулер енгізілуде.

        Индер ауданы  бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалудағы 19 іс-шарасы жыл аяғына дейін орындалатын аудан басшысы өз хабарламасында баса айтып өтті.

 

Бүгінде Индер ауданы бойынша тұрғын үй, білім беру, және спорт салаларын дамыту, инфрақұрылым жүргізуде нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Деседе кей нысандардың құрылысында проблемалық мәселелерде бар.

Индер ауданы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру жылдық жоспар 15,9 мың ш.м құрайды:

- бюджет қаражаты есебінен – 7,5 мың ш.м.

- жеке тұрғын үй құрылысы – 8,4 мың ш.м.

10 ай қорытындысы бойынша 15,1 мың ш м. пайдалануға берілді немесе жылдық жоспардың 94,8% құрайды.

 

Ауданда тұрғын үй құрылысында түйткілді мәселелер бар. Атап айтқанда, Индер аудандық құрылыс бөлімі тапсырыс беруші болып табылатын Индербор кенті Көктем ш/а 5 қабатты 80 пәтерлік (№7.1 және № 8.1 позициялы) 2 тұрғын үй құрылысы бойынша келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауы себепті мердігерлерді жосықсыз деп тану үшін сотқа талап-арыз жолданды. №7.1 позициялы тұрғын үйдің құрылысы бойынша мердігер мекеме «Еврострой-А» ЖШС. Қазіргі таңда сот жүйесінде 15.09.2023 ж тіркеліп, сот отырысы 15.11.2023 ж тағайындалды. Ал, №8.1 позициялы тұрғын үйдің құрылысы бойынша мердігер мекеме «ОңдасынСтрой» ЖШС. Қазірігі таңда сот жүйесінде 14.09.2023 ж тіркеліп, сот отырысы 27.11.2023 ж тағайындалды.

 

Сонымен бірге Жарсуат, Бөдене, Аққала, Өрлік, Көктоғай ауылдарында тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстары да уақытылы орындалмай, өндірістік кестеден қалу фактілері тіркелді. (мердігерлер- «Бекет Сәт Жол» ЖШС, «Айком ЛТД»  ЖШС, «АрАй-НС» ЖШС, «Энергохолдинг LTD» ЖШС, «Байсын-А» ЖШС).

Индер аудандық құрылыс бөлімі «Индербор кенті Көктем шағын ауданы 11 учаскедегі 48 пәтерлік 4 тұрғын үйге дейінгі абаттандыру жұмыстары» нысанына тапсырыс беруші болып табылады. Мердігер мекеме «Агроспецмонтаж» ӨК.

Аталған нысан бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасынан 2021 жылдың 6 мамырында құрылыс жұмыстарына келісім алынған болатын. Құрылыс жұмыстарының мерзімі 2,5 айды құрайды. Келісімшарт міндеттемелерін мерзімінде аяқтамағаны үшін мердігер мекемені Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жосықсыз қатысушы деп тану бойынша талап-арыз жолданды. Сот медиация тәртібі арқылы 2022 жылдың 20 қарашасына дейін жұмыстарын аяқтауды, аяқталмаған жағдайда мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тануды ұйғарды. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталған жоқ. Сол себепті мердігер жосықсыз қатысушы деп танылды. Бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.

Қазіргі таңда, білім беру саласы бойынша Индер ауданында құрылыс басқармасының тапсырысымен 3 мектеп және 1 балабақша құрылысы жүргізілуде.  Атап айтсақ:

Индер ауданы Индербор кентінде 300 орындық мектеп гимназиясы мен 200 орындық интернаттың құрылысы – қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алайда, құрылыс материалдарының қымбаттауына, ғимарат қас бетінің өзгеруіне және мектепке заманауи жабдықтардың енгізілуіне байланысты жобалық сметалық құжаттамасына түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде. Мектеп 2024 жылдың қыркүйек айында оқушыларды қабылдауға  жоспарлануда.

Индер ауданы Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 120 орындық жапсаржай құрылысы – бекітілген өндірістік жұмыс кестесінен кешіктіріліп жүргізілуде. Осыған орай, басқарма тарапынан тиісті ескертулер жасалды және де ұдайы бақылауда. Келісім шартқа сәйкес уақытылы аяқталмаған жағдайда сот органдарына жолданатын болады.

Индер ауданы Есбол селосындағы 320 орындық мектеп құрылысы – аталған мектептің құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Мердігер бекітілген өндірістік кестеден өрескел қалыс қалуына және бірнеше рет жұмыстар тоқтауына байланысты Заң талаптарын басшылыққа алып, тиісті ескерту хабарлама жасап акт толтырылды. Сондай-ақ сотқа жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз жолданып, қазіргі таңда талап қанағаттандырылып, сот шешімі шығарылды. Ендігі мәселе сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін нысан құрылысын жалғастыру үшін жаңа мердігерді анықтау мақсатында қайта мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялау қарастырылуда.

Индер ауданының Аққала ауылында 90 орынға арналған балабақша құрылысы – бұл нысанның құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Алайда, нысанның ЖСҚ-сы 2020 жылғы болуына орай оны қайта қарап, түзету енгізу бойынша мәселе талқыланды. Қазіргі таңда түзету енгізу бойынша құжаттар жинақталуда.

Спорт саласы бойынша Индер аудандық құрылыс бөлімі тапсырыс беруші болып табылатын Индербор кентінде «М.Әуезов орта мектебінің» және «Көктем қазақ орта мектебінің» ауласынан спорт алаңының құрылыс монтаждау жұмыстары  жүргізілуде.

Сондай ақ  Индер ауданы Көктоғай ауылындағы спорт кешенінің құрылысы (мердігер - «SCS Инжиниринг» ЖШС) мердігердің салғырттығынан жұмыстар едәуір кешігіп, жосықсыз деп тануға сотқа талап-арыз жолданды. Қазіргі уақытта мердігерді анықтау үшін қайтадан конкурс жарияланды.

 

Сонымен қатар Индер ауданы бойынша 7 әлеуметтік нысанның жобалау-сметалық құжаттасы жасақталуда. Атап айтқанда:

- Білім беру саласы бойынша 4 нысан:

Индер ауданы, Көктоғай ауылында 90 орындық балабақша құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтау. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталып, қараша айының аяғына дейін сараптама порталына жүктеу жоспарлануда. 2024 жылдың 1-тоқсанында қорытынды алынады. Жобалаушы мердігер – «СтройДизайнСервис» ЖШС.

 

Индер ауданы, Өркен ауылында 90 орындық балабақша құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтау. Жобалау-сметалық құжаттама «Райспроджект» ЖШС демеушілігімен жүзеге асатын болады. Жобалау жұмыстары 2024 жылдың  1-тоқсанында басталады.

 

Индер ауданы, Ынтымақ ауылында және Құрылыс ауылында 50 орындық балабақша құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжатамасына түзету. Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың 1-тоқсанында қорытынды алынады. Жобалаушы мердігер – «Спецстройсогласование» ЖШС.

- «Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту» пилоттық ұлттық жобасы бойынша 1 нысан:

Индер ауданы, Есбол ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтау. Қазіргі таңда, жобалау-сметалық құжатама сараптамаға жолданды. 2023 жылдың соңына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарлануда. Жобалаушы мердігер – АО КазНИИСА.

- Спорт саласы бойынша 2 нысан:

 

Индер ауданы, Индербор кентінде стадион құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтау. Қазіргі таңда, жобалаушы мердігермен сот процестері жүргізілуде. Жобалаушы мердігер – «TALIB Project» ЖШС.

 

Индер ауданы, Индербор кентінде бассейн құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтау. Жобалау-сметалық құжаттама «САЛА» ЖШС демеушілігімен жүзеге асатын болады. Жобалау жұмыстары 2024 жылдың  1-тоқсанында басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521