Индербордың "Ақсай" қонақ үйінің маңындағы кенттің көркін алып, алқа-салқа болып жатқан иесіз гараждардың орнын ретке келтіру жұмыстары басталды.
- Мұнда иесіз қалып қаңырап қалған гараждар көп. Ойын қуған балаларға қауіпі де басым. Егер де иесі болған жағдайда кент әкімшілігіне келуін сұраймыз. Қазір гараждардың түгендеу жұмыстарын жүргізудеміз. Иесіз гараждардың орындарын тазартып ретке келтіреміз, - дейді Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов.
С. БАЗАРБАЕВ