Кент саябақтарына 1500 тал егілді

Көктем шыға салысымен басталатын тазалықтың екі айлығы биыл да өз жалғасын тапты. Аудан әкімдігінің арнайы қаулысына сәйкес, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Соның бірі – көгалдандыру.

Осыған орай кешегі сенбіде Индербор кентінің басындағы саябақтарға жас көшеттер отырғызылды.

«Жасыл-Аймақ» ЖШС техникалары арнайы аумақтардан табылып, жұмыстың жандана түсуіне серпін бергендей болды. Тұрғындардың да белсенділігі арта түскендей.

fb_img_1618551157457

Тал егуді мирас қылған бұрынғылардың қағидасын оңды ұстана білген тұрғындардың бірі Ұлмекен Иғалиеваны да кезіктірдік.

-Сенбілікте тал отырғызып жатырмыз. Өзім негізінен «Индер-Мәдениет» мекемесінде қызмет етемін. Ұжымдастарым да, көршілерім де осы сенбілікке ұдайы қатысады. Жыл сайын саябақтарымыз сәнденіп, кентіміз көркейіп келеді. Жастар жағын тазалыққа шақырамыз,-дейді өз сөзінде.

fb_img_1618551168963

Жалпы өткен жылдары Индербор кентінің басындағы бірнеше саябақ күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілген еді. Солардың қатарындағы жастар саябағы мен көпқатарлы тұрғын үйлердің маңы жаңарып, құлпыра түспекші.

Осы жұмыстардың басы-қасында жүрген Индербор кенті әкімінің орынбасары Алтынбек Габдуллинді сөзге тартқанымызда:

-Индербор кентінде үш саябаққа жасыл желек отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгін аталған саяжайлардағы тал егу жұмыстарына 53 мекеме қатысып, барлығы 1500 дана жасыл желек отырғызылды. Соның 1000 данасы - қараағаш, 500 данасы - ясин. Байқағанымыздай, бұл жерде мекемелермен қатар жекелеген тұрғындардың да ынтасы көңіл қуантып отыр,-деді.

fb_img_1618551165649

Келесі сенбілікте өзге де саябақтарды тазартып, жаңа ағаштар отырғызу көзделуде.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз