Карантин әлі де созылуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан қалаларында карантин мамыр айында да созылуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте, бәрі де аурудың таралу ахуалына байланысты. Вирустың таралуын тоқтатудың бір ғана амалы – бұрынғыша байланысты азайту. Адамдар қауіпсіздікті сақтап үйренбей, бүкіл ел үкіметтеріне қатаң шараны жалғастыруға тура келеді. Сол себепті бұл жағдай уақытты талап ететіндіктен, карантин мамыр айында да созылуы мүмкін», – деді Елжан Біртанов Тенгриньюс Instagram парақшасының тікелей эфирінде.

Министрдің есептеуінше, қауіпсіздікті сақтамаса мамыр айындағы ахуал тіпті қиындап кетуі әбден ықтимал. «Біздің ойымызша, мамыр әлі де қауіпті кезең саналады», – деді ол. Елжан Біртанов елдегі коронавирус қаупі сейілмей бірқатар шектеулер күшінде қала беретінін жеткізді.

Аtr.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521