Кандидат дәрігерлердің қателігін декриминизациялауға шақырды

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова  Ақмола облысына барды.
 Көкшетауда көпсалалы облыстық аурухананың дәрігерлерімен кездесті. Кездесуде кандидат дәрігерлердің  мұң-мұқтаждары мен толғандырған мәселелерін талқылады.
Жиынға бөлім меңгерушілері, хирургтар, медбикелер және басқа да қызметкерлер қатысты.  Мамандар жұмыс орнындағы қателіктері үшін дәрігерлердің жауапкершілігі туралы мәселені көтерді.  
«Дәрігер – адамдар тағдырын шешетін ерекше мамандық. Дәрігерлер өз көлеңкелерінен қорықпауы керек және оларды сотқа бермеу үшін қажетті қозғалыстар жасалуы керек. Операцияның күрделілігіне қарамастан, әрқашан тәуекелдер бар, кейде науқастың өмірін сақтап қалу үшін кәсіби тәуекелге баруға тура келеді.  Операцияның күрделілігіне қарамастан, әрқашан тәуекелдер бола береді.  Осының кесірінен медициналық ортада қиын жағдай қалыптасты: адамдар, әсіресе хирург, акушер-гинеколог, анестезиологтар мамандығын тастап кете бастады.  Тіпті кейбіреулері елден де кетіп жатыр.  Сондықтан медициналық қателіктің салдарынан денсаулыққа қасақана зиян келтіру мәселесін декриминализациялау керек», – деді Салтанат Тұрсынбекова.
Үміткер елімізде дәрігерлердің мәртебесін көтеру керектігін де баса айтты.
«Денсаулық сақтау саласындағы заң жобалары Мәжілісте немесе Сенатта талқыланған сайын мен бұл құжаттар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің, жүйе қызметкерлерінің құқықтарын қорғай ма, жоқ па, соған мән беремін. Әлеуметтік құқықтар қаншалықты қорғалады? Бүгінгі күні медицина қызметкерінің, дәрігердің, медбикенің әлеуметтік жағдайы жеткілікті ме? Дәрігерлеріміз лайықты өмір сүріп жатыр деп айта аламыз ба? Дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру керек деп есептеймін. Пандемияға дейін де дәрігерлердің мәртебесі туралы заң жобасы әзірленіп жатқан болатын. Бірақ әлі де кемшіліктер бар. Жағдайды өзгертіп, тиісті заңнаманы қабылдайтын уақыт жетті», - деді Салтанат Тұрсынбекова.
Аурухананың бас дәрігері облыста кәсіподақ ұйымдарының нәтижелі жұмыс істемейтінін атап өтті.
«Олар бізді өзіміз қалағандай қорғамайды», - деді ол.
Сонымен қатар, дәрігерлер облыстық емдеу мекемелерінің қаржы тапшылығы мәселесін алға тартты.
Салтанат Тұрсынбекова штабының
Баспасөз-хатшылығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521