Кадастрлық паспортты қалай алуға болады?

Бүгін «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесіне қатысты сауалдарға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалының қалалық жер кадастры және тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Еркін Мухангалиев жауап береді.

1-сұрақ: Кадастрлық (техникалық) паспортты қалай алуға болады?

Жауабы: Кадастрлық (техникалық) паспорт алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгінуге немесе электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы тапсыруға болады.

2-сұрақ: Кадастрлық (техникалық) паспорт алуды неден бастау қажет?

Жауабы: Кадастрлық (техникалық) паспорт алу үшін алдымен:

- Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу үшін тапсырыс беру керек. Осыдан кейін «тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру» қызмет түріне тапсырыс беруге болады.

3-сұрақ: - Кадастрлық (техникалық) паспорттың дайындалу мерзімі туралы айтып кетсеңіз?

  Жауабы: Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) немесе порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

1) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу – 1 (бір) жұмыс күні;

2) жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру:

  • пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер 3 (үшінші) жұмыс күніне беріледі;
  • жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары 5 (бесінші) жұмыс күніне беріледі;
  • жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері 7 (жетінші) жұмыс күні беріледі;
  • жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілер 10 (оныншы) жұмыс күніне беріледі;
  • бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері 5 (бесінші) жұмыс күні беріледі.

4-сұрақ: Кадастрлық (техникалық) паспорттын жоғалтып алған жағдайда не істеуге болады? 

Жауабы: «Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет түріне халыққа қызмет көрсету бөлімдері  немесе электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы тапсырыс беруге болады.

5-сұрақ: Бұрынғы техникалық паспорт жарамды ма және қандай жағдайда қайта жасақтатуға болады?

    Жауабы: Бұл ретте бұрын берілген жер учаскелеріне және пәтерлерге/үйлерге техникалық төлқұжаттардың барлығы қолданыстағы қолданыстағы мемлекеттік куәліктер өз күшін сақтайды.

  • – пәтерлерді, үйлерді және басқа да жылжымайтын мүлікті қайта жоспарлау, реконструкциялау, қайта жабдықтау, соның салдарынан техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде;
  • — құқық белгілейтін құжаттағы сәйкестендіру және техникалық ақпарат пен мүліктің нақты деректері арасындағы сәйкессіздіктер анықталған кезде;
  • және меншік иесінің қалауы бойынша жаңартылуға жатады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521