Кәсіпкерлікте жастардың үлесі артуда

Аудандағы 8270 жастың арасынан кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті арту көрсеткіштері көңілді тоғайтады. Атап айтқанда, ауданда 2002 тіркелген кәсіпкерлік өкілінің белсендісі 1743 құраса, оның ішінде жастар саны 5,8%, яғни 116-ға теңелді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғандағыдан 16,38%-ға (97 жас кәсіпкер) өскенін айғақтайды.

Соның ішінде Индерборда-81, Елтай мен Есболда 12-ден болса, Өрліктен-5, Бөденеден 4, Көктоғайдан екі жас осы кәсіпкерлік салаға ден қойған. Бүгінгі есепте 2018 жылы барлығы 36 жоба 169 млн. 175 мың теңге, соның ішінде жастардың үлесі барлығы 7 жоба 36 млн теңгеге (яғни 19%) қаржыландырылған.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде грантқа ауданнан 4 жоба 960 мың теңгеге қолдау алып, соның ішінде 1 жас кәсіпкер 240 мың теңгеге мерекелік шараларды безендіру қызметіне құрал-жабдықтар сатып алу жобасы бойынша қаржыға қол жеткізген.

Дәстүрлі «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша - 39, екі күндік «Бизнес-кеңесші» курсында 38 жас оқып шыққан. Мониторинг бойынша қазіргі таңда жастар айналысатын кәсіп түрлері шаштараз, сұлулық салоны, жолаушылар тасымалы, халыққа әртүрлі қызмет көрсету және әртүрлі тауарларды әкеліп, сату болып жүр. Алдағы уақытта да жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасы беретіні анық.

С.БИСЕНОВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика