Мемлекет саясатын насихаттап, ауданның тарихын хаттаумен қатар жаңалықтар жаршысына айналған «Дендер» газетіне жазылу биыл ұйымшылдықпен басталды. Жақында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин бастаған бірнеше бөлім басшылары аудандық поштаға арнайы барып жазылды.
Осы бастаманы «Талап» базарының кәсіпкерлері жалғап, белсенділік танытты. Олардың қатарында Айнұр Бекмағанбетова, Жанар Естаева, Айнагүл Ермұханова секілді кәсіпкерлер қоғамда болып жатырған қандайма болмасын өзгерістер мен жаңалықтарды өздерінің төл басылымы «Дендерден» оқи отыра өткеннің өнегесін, тарихты тануға беташар басылым екенін айтады.