Күре жолдан кемпинг ашылды

Жексенбі күні Индербордан Атырауға шығатын күре жол бойынан «Ақжол» атты кемпинг ашылды.

Әсем нысанның ашылу салтанатында Индербор кенті әкімі А.Аймұратов пен аудандық кәсіпкерлік және өндіріс бөлімінің басшысы Д.Сариев жергілікті кәсіпкерлердің жол бойындағы сервисті дамытуға жақсы үлес қоса бастағаны мен кент көрікті жаңа нысанмен толыққанын атап өтті. Сондай-ақ кәсіп иесінің ағайындары да ақ тілектерін арнады.

lenta

Төменгі қабаты 52 орындық асхана, жоғары қабаты 14 орындық қонақ үйден тұратын кемпингтің сырты мен қатар іші заманауи үлгіде жасалған.

stol

konak

-Әзірге карантиндік шектеулерге байланысты қызмет көрсетудің уақыты мен адам санын шектеп отырмыз. Алдағы уақытта жолаушыларға тәулік бойы, аптаның әр күні тұрақты түрде қызмет көрсететін боламыз, - деді кемпингтің иесі Нұрғали Сәрсенғалиевті сөзге тартқанымызда.

Кәсіпкерлік нысанға әзірге жергілікті жерден 5 адам жұмыспен қамтылып отырса, алдағы уақытта 10-12 адамға дейінгі жұмыскерлер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр екен. Ал кемпингтің атауын «Ақ жол» деп жолаушыларға деген ақ тілек екенін кәсіпкерлік иесінің әкесі Саясат Сапаров атап өтті.

С.БАЗАРБАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT