Көліктен келетін кесапат азаймай отыр

Барлық құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабы («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мас күйінде көлік жүргізіп қана қоймай,сонымен қатар жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендер де көптеп кездесіп жатады, мұның соңы қайғылы жағдайға әкеліп тірейтіні сөзсіз.

Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру ҚР ҚК-нің 346 бабы бойынша жүргізіліп,жауапқа тартылады. 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап,көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза күшейтілді. Мұндай заң бұзушыларға жол апатын жасамағанның өзінде 15тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып,7 жыл мерзімге жүргізушілік құқығынан айырылады

.Көліктен келетен кесапат азамай отыр. Жол ережелерін сақтау қанша айтылып,жазылып,қайғылы жағдай болғанымен,қайғылы жағдай жиілеп кетті. Бір жүргізуші сақ жүрсе,екінші жүргізушінің салғырттығынан қайғылы жағдайға душар болады. Жол көлік оқиғасы неге жиілеп кетті?

Жауап іздеп көрсек,бірқатар себептер ашылады.Біріншіден жүргізушінің салғырттығы,екіншіден ішімдік ішіп көлік жүргізу.

Жүргізушілерге куәлік берудегі тәртіпсіздік-бірінші мәселе. Еуропада жүргізуші куәлігін беру өзгеше,онда жүргізушіні дайындайтын оқу орталықтарының лицензия алу процессі өте қиын. Орталықтан оқып,куәлікке ие болған бір жерде жол апатына себепкер болатын болса,құзырлы органдар тексеріп,соңынан ол адамның оқыған оқу орнын тексереді екен. Ол адамды қалай оқытқаны,куәлікті қалай бергеніне дейін толықтай тексеріп,соған қатысты шешім шығарылады. Біздің елге де осындай тәртіп керек.

Көп жағдайда жастар көлікке отыра салысымен жылдамдықты асыруға тырысады,ал оның салдары көлік апатына әкеп тірейтіні белгілі. Екіншіден ішімдік ішіп көлік жүргізетіндер өте көп. Жылдамдықты асырып, өте шығамын деп ойлауы мүмкін, ал ол сәттер сіздің өміріңіздің соңғы минуттарын шешіп кететін ұмытпауы тиіс. Осындай Атырау облысы Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 608 бабының 1 бөлігімен 2020 жылдың 8 айының өзінде 18 әкімшілік іс қаралып, заңға сәйкес құқық бұзушылар жазаларын алды.

Өткен жылы осы уақыт аралығында 42 әкімшілік іс түскен. Бұл статистика аз уақыт аралығында өте көп. Өз өмірлеріңізді сақтай отырып,өзгенің өміріне де бей-жай қарамай,сақтанып жүрген абзал. Сақтана білсең, сақтайды.

Гүлфара ЕГІЗБАЕВА,

Индер аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521