КӨК АЙҒЫР ДА КӨҢІЛСІЗ

-Мына жылқы не жеп жатыр екен,- деп біздің назарымызды Арыстанбек сонадайда жайымен жайылып жатқан жылқыға аударды. Қатқылда не болушы еді, жусанның түбін тартқаннан басқа? Күндіз-түні талғажау қылатыны осы. Жылқы әңгімесіне жүйрік Арекең үйірдегі жабағыларға қарап:

- Айғыры мықты екен. Құлын сақтаған,- деп еді соны естіп қалғандай көк айғыр да басын бір көтеріп, көңілсіз, өзімен-өзі бола берді.

-Мынадай ұры-қары қаптаған заманда жиырмаға тарта үйірді аман сақтап жүрген бұл айғырға медаль беру керек қой,- деп Қаршыға қалжыңға басты.

Шынында да анада түскен қар ұзын сирақты малға жайлы болды. Әйтпесе, өткен жылы біразға дейін қар жаумай қара қатқақ жұтқа айналдырып жібере жаз- дады. Тіпті, қыстыгүні каналға су айдап әбігерге түскені бар. Іле-шала боран соғып, үш-төрт күнде жылқышылар құрық ұстап қала жаздады. Міне, табиғаттың осындай мінезі жылдың төртізі жойылғасын жолдың да бағыты өзгеріп, көбі көмескі сүрлеу жолға айналған. Ал малдың шұбырындысынан қалған жалғыз аяқ жолдан көз сүрінеді. Міне, біз де баяғы жолды көкседік пе, сәл бағыттан адасып, жолсыз жүріп, бір қыстақты бетке ала келіп жеттік.

Бұл Жарқабақ дегенбұрынғы «Правда» кеңшарынан қалған қыстау болып шықты. Қазір «Әлихан» шаруа қожалығы орналасқан. Төрт түлікті түгел өсіріп отырған шаруашылықтың жағдайы жаман емес. Қожалық төрағасы Сәкен Қалиевтің айуынша, қысқа барынша дайындалып, 400 рулон сатып алған. Жемді қажетіне қарай алып отырады. Субсидия алуға жұмыстанбапты. Өйткені, пішенді әркімнен сатып алған соң олар да құжат бермейтін көрінеді. Қажетті техникалары бар. Алайда қуаңшылық, судың тапшылығы ортақ мәселе. Әйтеуір, көңілге бір медет болар тәуір сөз ауызға аз ілінеді. Оны шаруагердің алға қарай не боларын өзіміз де білмейміз деген сөзінен де аңғарасың.

 

Жанай Амантурлин

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521