Әйел адам көлігімен жыраға құлаған

Бүгін, яғни 21 қазан күні Индебордың  орталығы Тұхпатов көшесінде жол-көлік оқиғасы болды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің хабарлауынша, сағат 14:21 шамасында  аудан тұрғыны 37 жастағы әйел адам ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттан келген автокөлік салдарынан оқыс бұрылып, рөлді игере алмай терең жыраға құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем жетіп зардап шегушіні ауруханаға жеткізген. Абырой болғанда көлік жүргізушісі ешқандай жарақат алмаған.

Бұл - көктемгі қар суы ерігенде немесе жауын-шашын болғанда жоғарыдан Жайық өзеніне құятын ертеден келе жатқан жыралардың бірі. 

Ішкі істер бөлімі жол қауіпсіздігінің алдын алу  үшін бұл жерде арнайы қорғаныс белгілерінің болуын және аудан тұрғындарына жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521