Astana Hub Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT-де өз карьерасын бастағысы келетін әйелдер арасында өтінім қабылдау басталғанын жариялайды.
18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын тегін оқып және де Upwork халықаралық фриланс алаңына шыға алады.
It-Aiel бағдарламасында IT-мамандықтарды тегін оқып, әйелдер қашықтан жұмыс істей алады және отбасы мен жұмыс арасындағы тепе-теңдікті сақтайды. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде онлайн форматта өтеді және 1 тамызда басталады. 15 шілдеге дейін өтініш беріп үлгеріңіз.
Толығырақ профиль сипаттамасындағы сілтеме бойынша қол жетімді: https://education.astanahub.com/itaiel
IT-Aiel бағдарламасы бойынша оқуға өтінімдер қабылдануда
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 521
![](/images/whatsapp-image-2023-07-11-at-14_18_34.jpeg)