Индерлік жастар жүрекке жылу сыйлап жүр

Ерікті жастар өткен жұма күні «Жылы жүрек» акциясын ұйымдастырды. Жастар акция аясында шыңылтыр аязда қар күреп, жол жиектерін қар мен қоқыстан тазартып жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен бәліш таратты.

Индербор кентінде күнделікті 10-нан аса коммуналдық қызмет жұмысшылары шығады. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан орталық көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалап, мұзын ояды. Солардың бірі – 2002 жылдан бері жұмыс жасап жүрген Қибат апай.

– Біздің жұмысымыз таңғы 8.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін жалғасады. Бүгінгі жастарымыздың ұйымдастырғаны шынымен де жылулық сыйлады. Әңгіме тек шай мен бәліште емес. Біз олардың көзінен мейірім көрдік. Өзіміз де кәдімгідей көңіліміз жібіп, қуанып қалдық,- дейді ол.

Акция ұйымдастырушылары «Азаматтық» орталық пен жастар орталығы бұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатындықтарын жеткізді. Ендеше, ауа райының қай мезгілінде болмасын, еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі жемісті болып, жақсылықтың куәсі болып жүре берейік!

bari-zhastar

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521