Индерлік тәртіп сақшылары ардагерін ұмытпады

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай аудандық полиция бөлімінің бастығы Бериккали Джанзаков пен бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция майоры Болат Сембаев еліміздің Ішкі істер органдарының ардагері Сағындық Құрманқұловты арнайы құттықтап үйіне барды.

Естеліктер тиегі ағытылған кездесуде полиция бөлімінің бастығы Б.Джанзаков ардагерге мерекелік ізгі тілегін арнап, Департамент бастығы Х.Үмбетқалиевтың Алғыс хаты мен сыйлығын табыстады.

Айта кетейік, ардагер 1926 жылы Бөдене ауылында дүниеге келген. 1944 жылдың тамыз айынан еңбекке араласып, 1983 жылдың тамыз айында Индер аудандық ІІБнде майор шенінде зейнеткерлікке шықты.

"Милиция үздігі", "Индер ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері, 1970 жылы В.И.Лениннің туылғанына 100 жыл", «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Асемгул САЛИМОВА,

АПБ кадр саясаты тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521