ИНДЕРЛІК ТАЛАНТТАР ТАШКЕНТТЕ ТОП ЖАРДЫ

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «NAURYZ MUSIC FEST» ФЕСТИВАЛЬ-КОНКУРСЫНДА ИНДЕРЛІК «ӘСЕМ ӘУЕН» АНСАМБЛІ ГРАН-ПРИ ЖЕҢІП АЛДЫ.

КОНКУРСТА АНСАМБЛЬ «КӨКБӨРІ» ӘНІН ШЫРҚАП, ХАЛЫҚТЫҢ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫНА ИЕ БОЛДЫ. Сондай-ақ, жеке орындауда Амир Самғатұлы халық әні «Қыздар-айды» орындап, бас жүлдені жеңіп алса, Самат Айасыл халық әні «Қоғалы-ай», Нұрсезім Ізбасарқызы халық әні «Сәулем-айды» орындап, І орынға ие болды.

– Дәстүрлі әншілеріміз тек Қазақстанда ғана емес, Ташкент төрінде домбырамыздың үнін қалықтатып, қазақи өнердің биіктігін көрсете білді. Бұл тек біздің ғана емес, ауылдағы ағайынның, өнерді бағалаған баршамыздың жеңісіміз деп білемін. Оқушыларымның еңбегі, өнері жоғары бағаланды. Алда әлі де талай бәйгеде топ жарамыз деп сенемін, – дейді жетекшісі Гүлбаршын Сариева.

Ұлттық өнерімізді дәріптеп жүрген жас өрендерге құндылықтармызды жеткізіп, бойларына сіңіріп жүрген жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT