ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне 1 топтағы мүгедек 1957 жылы туылған Қапаров Қабестен түскен арызы бойынша мамандар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Саламатұлы Индер ауданына іссапармен барып келді.
Арыз иесінің айтуынша, 1958 жылы туылған қарындасы Қапарова Қарлығаш (2001 ж.бастап 2 топтағы мүгедек) және ағасы Қапаров Қабыл (бала кезінен 2 топтағы мүгедек) аудан орталығынан 35 шақырым жерде орналасқан, 10 шақты тұрғыны бар қыстақ Кетебай фермасында тұрады екен.
Қазіргі таңда ол жерде су, отын, фельдшерлік қызмет болмағандықтан ағасын өзінің аудан орталығындағы екі бөлмелі пәтеріне әкелгенін де тілге тиек етті.
Қапаров Қабестің бірінші сұрағы тұрғын үй мәселесі болды. Өйткені қыстақтағы ата-анасының үйі қалай ағасының атына жазылып кеткеніне аң-таң. Ағасы жазбақ түгіл әріп танымайтынын, тіпті сөйлей алмайтынын айтып шырылдағанымен, аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуова бұл жайтта заңнама шеңберінде қарастырылғанын айтады.
– Қабыл ағаның атында үй бар, сондықтан Заң аясында қаралып, ол азаматқа үй қаралу мүмкіндігі болмай отыр, ал Қарлығаш апай 109 болып тіркеуде тұр, бұл мәселе шешімін табады-, деді әкім орынбасары.
Екінші мәселесі ол өзінің жүріп тұруға берілген арбасы өте ыңғайсыз екенін, дөңгелектері нашарлап, итеріп келе жатқан адамға да қиындық тудыратынын және электронды арбаға қол жеткізгісі келетінін айтты.
“Қапаров Қабес ағаға дәрігерлік сараптама комиссиясының шешімімен осындай арба ұсынылғанын айтты. Бұл жерде ешқандай Заңға қайшылық жоқ” – дейді емхана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Күләш Құдайбергенқызы.
- Демеушілер арқылы өзіңіздің жүріп тұруыңызға ыңғайлы электрондық арба болса алып беруге көмектесемін, – деді Азамат Саламатұлы.
Онымен қоса ағамыздың ауласындағы сарайда Арай атты жиені 14 жастағы ұлымен тұратындығы, ұлы үнемі олармен байланысқа түсіп, үйінен шықпайтынын, шығаруға аяп жүргенін айтып берді.
Арай бұған дейін жатақханада жолдасымен қайын апасының үйінде тұрғанын, кейін жолдасы қайтып осында келіп паналап жүргенін айтты.
Жобалық кеңсе қызметкерлері мәжбүрлі түрде шығару үшін аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазу керектігін ескертіп, азаматшамен әңгімелесіп бақылау жүргізді. Ал аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуованың айтуынша, Арай 29-шы санда есепте тұрғанын және бұл мәселе де шешімін табатынына уәде берді.