ИНДЕРЛІК МАДИНА АҚОРДАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай үздік оқушылар мен түрлі байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға саяхат жасады. Олардың қатарында Индер ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Сатыбалдықызы Мадина да бар.

Мадина – көпбалалы отбасынан шыққан дарынды оқушы. 2024–2025 оқу жылында өткен республикалық «Зерде» зерттеу жобалар конкурсында II орын иеленсе, ХІ республикалық «Жадыра, жас дарын» байқауында I орынға ие болған болатын.

Сонымен қатар, ол Индер балалар өнер мектебінде қобыз класында оқиды.

Мадинаға жарқын болашақ пен шығармашылық табыс тілейміз!

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT