Индерлік егіншілер де жұмысқа қызу кірісуде

Ауа райы ашық-жарық, жаңбыры аз бұл көктемгі қолайлы мезетті индерлік егіншілер де барынша тиімді пайдаланып қалуға асығуда. Сапалы өнім алуға жол ашатын да осы дала еңбеккерлерінің уақытпен санаспай еткен еңбектері, дамылсыз төгілген маңдай терлерінің нәтижесі екені сөзсіз.

Ал бүгінгі егіс басында әркімде өзі міндеттерін жақсы меңгергені соншалық, тоқтаған трактордың соңындағы тұқым шашқыштарға көз ілеспес жылдамдықпен өлшеулі көлемдегі пияз тұқымдарын сала қояды.

Осы жұмыстарды бірқатарын өз көздерімен көріп, қожалықтар арасында жүрген бас маман Абай Әбдіров:

- Бұл өткенде Қырғызстаннның астанасы Бішкектен алынған пияз тұқымдары ғой. Өткен жылы да осы тұқымды алған «Слава» мен «Асыл-агро» шаруа қожалықтары тымтәуір өнім жинай алды. Жалпы тұқымға мемлекеттік субсидия төленетінін бұл қожалықтар жақсы біледі. Оның мән-жайын осы жолы да қожалық иелеріне айтып, түсінік жұмыстарын жүргізуге келген бетіміз. Тұқымды Қазақстанмен қатар өзге елдерден де сатып алғандарға субсидия төленетін тәртіп қолға алынып жатыр дегенді естіп едік. Ол да болса ауылдықтарға зор жеңілдік, - деді осы жолы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің өкілі.

Негізі жылдағыша көктемгі егіс жұмыстарымен тұрақты айналысып, оның алдыңғы қатарында жүрген Жарсуат округіндегі «АсылАгро» ШҚ, Бөденедегі «Айсұлтан», «Индерагро», Есболдағы «Слава» шаруашылықтарын аралаған мамандар Көктоғай округіндегі «Құлыншақ» ШҚ, «Шаңырақты» ШҚ, тағы басқаларының істәжірибелері мен жаңалыққа ұмтылыстарын үнемі басқаларға үлгі етеді.

Оның үстіне биылғы жылдың бір ерекшелігі бұл жұмыстардың елде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, уақытты тиімді пайдаланып қалуға деген ұмтылыстың жоғарылығыменде ерекшеленеді.

Тек бір өкініштісі, сол маңдай терді төгуге келгенде жерлестеріміздің тартынып қалып, шет елдерден жұмыс қолын сұрататынымыз да қиын-ақ. Алысқа бармай өткен жылы 18 шаруа қожалығына жұмыс қолы жетіспей сырттан келіп, 277 адам еңбек етсе, биыл да бөліммен сұраныс беріліп қойылғанын мамандар да, қожалық иелері де жоққа шығармайды.

С.ХАЛЫҚОВ,

Индер ауданы

Жарсуат-Есбол ауылдары

Сурет: Ақ Жайықтан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521