Индерлік Әбілһайыр автокөлік иеленді

Павлодар қаласында қасиетті "Құран-Кәрімді" жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқау өтті.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырған бұл байқау екі күнге созылып, яғни 14-15 қыркүйек күні өтіп, шын мықтылар сынға түсті.  


 Өз облысынан жүлдегер атанған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 80 үміткер бақтарын сынап, құранның 10, 20 және 30 парасын жатқа оқып, үздік атанғандар марапатталды. Құранды мәнерлеп оқу номинациясы бойынша бірінші орынды атыраулық Саламат Иманғалиев алып, 700 000 қаржылай сыйақы ұтты. Ал, екінші Құранның 10 парасын жаттаудан І орынды астаналық Дәнмұхаммед Әбішов жеңіп 1 500 000  теңге, 20 парасын жаттаудан үздік таңылған қарағандылық Арсен Ерсінбек 3000000 теңге қанжығалады. Ал соңғы номинация Құранды толық жаттаудан бас жүлде Индер ауданының тумасы, Алматы Нұр Мүбәрак университетінің ІІ курс  студенті  Әбілһайыр Жұбанға бұйырып, автокөлікке ие болды. 

- Құранды үш жылда толық жаттап болдым. Және де осы жарысқа арнайы үлкен дайындықпен келдім. Ойламаған жерден бас жүлде бұйырды. Қуаныштымын. Болашақта Құран арқылы елімізді шет елдерге танытамын деп ойлаймын. Бүгінгі ұтысымды әкеме сыйлаймын, - дейді Әбілһайыр Ералыұлы.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жерлесімізге әр кез  алла жар болып, сәттілік серік болсын деп тілейміз.


Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT