Индерлік 24 жастағы жүкті әйелден короновирус анықталды

Атырау облысында коронавирус инфекциясының тағы 14 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ТЖ қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Өңірде Covid-19 жұқтырғандар саны 223 адамға жетті. 14 жаңа жағдайдың арасында 8 жасар Махамбет ауданының тұрғыны бар.

Ол аудандық орталық ауруханада ем қабылдаған. Кішкентай қызда коронавирустың бар екендігі, ПТР тестілеу нәтижесінде анықталып, кейін іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес, ол инфекциялық стационарға жатқызылды. Сонымен қатар, науқастардың ішінде индерлік 24 жастағы жүкті әйел бар. 4 мамыр күні Астраханнан келген 24 жасар студент те аталмыш дертпен ауруханаға түскен.

Covid-19 анықталғанға дейін жігіт карантиндік стационарда жатқан. Қазіргі уақытта науқастардың инфекция ошақтары анықталып, олармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ал, қалған 11 науқас туралы ақпарат кейінірек жарияланатын болады. Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз