Индерлік жасөспірім анасынан қорыққандықтан үйінен қашып кеткен

Жақында аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы өтіп, оған комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және мүшелері қатысты. Отырыста М.Н. есімді жасөспірімнің мәселесі қаралды.

Дәлірек айтасақ, аудан көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акция аясында «Атырау-Орал» тас жолы бойында, Өрлік ауылының тұсынан бөлімнің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Исатай Орын жасы кәмелетке толмаған М.Н. тауып алып, Полиция бөлімінің ювеналды полиция тобына жеткізген.

Анықталғандай, жасөспірімнің анасы қызына шайды дұрыс әзірлемегені үшін айқайлап, ыдыстарды лақтырып сындырған. Содан қыз бала екеуара туындаған жанжалдан кейін анасының қол жұмсайтынынан қорқып, үйден қашып кеткен. Себебі, жасөспірімге осы оқиғаға дейін де анасының тарапынан қол жұмсау фактілері бірнеше рет қайталанғандығы туралы және анасымен тұрғысы келмейтіндігін, бірге тұруға қорқатындығын жазбаша түсініктемесінде көрсетіпті. Қазіргі уақытта жасөспірім Н.М. облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, анасы жалдамалы жұмыста еңбек етіп жатыр.

Жалпы жасөспірімнің анасы Батыс Қазақстан облысы Казталов АПБ-де кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оқыту және асырау бойынша өзінің міндеттерін орындамайтын, олардың тәртібіне кері әсер ететін ата-ана, кәмелетке толмағанның заңды өкілі ретінде есепке алынып, осыдан үш жыл бұрын есептен түсірілген.

Сонымен отырыста комиссия мүшелері жасөспірімнің анасына сұрақтар қойып, жа-уаптар алып, жасөспірімнің анасына кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Д.ҚАБИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз