Индерлік азамат 140 000 теңгені қолды еткен

Осыдан тура екі ай бұрын С.Б.К есімді азамат мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көліктің есігінің терезесін сындыру арқылы ішіне заңсыз кіріп, жәбірленушінің әмияны ішінен әртүрлі купюродағы барлығы 140 000 теңге ақшасын жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.

Міне, оқиға орнынан ат ізін көрсетпей кеткен жас жігіт қолға түсіп, ол сот отырысын-да өзіне тағылған айыпты мойындап, әрекетіне шын ниетпен өкініп, қазіргі кезде ұрлаған ақшаларын жәбірленушіге қайтарып бергенін көрсетіп, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрап айғақ берді. Ал жәбірленуші Б.Т.Е. сотталушының ақшасын толық қайтарып бергенін, сондықтан оған кешірім беретінін айтып көрсетті.

Осыдан кейін іс-құжаттарын зерттей келе, судья ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындап, ҚК-нің 44-бабына сәйкес 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын ол тұрақты жұмыс орны не оқуда жоқ болған жағдайда 100 (бір жүз) сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылсын деген жаза қолданғанды жөн деп тапты.

Индер ауданы сот залынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521