Индерден Қарабауға жол құрлысы басталды

Басталғанына біраз жылдардың жүзі болған Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер күре жолындағы күрделі жөндеу жұмыстарының оңды нәтижесін көруді күткендер әр жақта да аз емес.

Дегенмен ұзынқұлақтан "Қарабауға асфальт жетіпті" деген жылы хабардың естілгеніне де біраз болып қалды. Ал оларға қарсы Индербордан да жолды жөндеушілер шығады деген сөз бола түсіп, басылып қалғандай көрінген. Енді сол шындыққа айналып бүгінде бұл жолдың Дендер тауы ішіндегі №102-інші карьерге бағыт алатын бұрылыстан бастап, әрі қарай №99-ға дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын көріп, қуанып қайттық. Сап-сары жол техникаларының неше түрі тау ішіндегі үлкен жолды тегістеп, өздеріне тиесілі міндеттерді атқаруда.

-Бұл жұмыстардың алғашқы 7 шақырымын асфальттауды облысқа аты жақсы таныс «АИС» компаниясы бастап кетті. Бұйырса, биылға осы 7 шақырымды толық бітіреді деген сенім бар,-дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы Абзал Рамазанов.

Ендеше, жалпы екі аудан арасындағы қатынастың жеңілдей түсетіндігімен қатар, Индер тұзды көлі мен Дендер тауы, карьерлер, тұзды бұлақ, Махамбет пен Малайсары мазарлары енген туристік соқпағын таңдағандардың да бір жүгі жеңілдей түсері анық. Іске сәт!

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз